$ 486.44  534.31  5.06

Алматы тұрғынын бір топ жігіт таспен ұрып өлтірді

Алдын ала мәлімет бойынша, мас ер адамдар арасында жанжал, содан кейін төбелес болған.

Алматы қаласында 48 жастағы ер адам кісі қолынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

«Осы қылмысты жасаған күдікті «ізін суытпай» ұсталды. Сот оны қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Алдын ала мәлімет бойынша, мас ер адамдар арасында жанжал, содан кейін төбелес болған. Қылмыстың өзге де мән-жайы қосымша тергеу барысында анықталады»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жетісу аудандық полиция басқармасы кісі өліміне қатысы бар тағы екі адамның ұсталғанын хабарлады.

«Олардың үстінен ҚР ҚК 203-бабы бойынша іс қозғалды»,- деп атап өтті полициядан.

Айта кетейік, кісі қолынан қаза тапқан ер адам 1974 жылы туған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары