Бір көліктің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 29 қараша күні сағат 15:27-де Ак. Сәтбаев көшесінде орын алған.
"Алдымен «Toyota Camry» мен «Kia Rio» көліктері соқтығысқан. Олар «ГАЗ-53» автокөлігіне соғылған. Соққы салдарынан «ГАЗ-53» автокөлігі «Toyota Ipsum» көлігімен және №18 бағыттағы автобуспен соқтығысқан", – деді департаментте.
Жедел жәрдем станциясында оқиға салдарынан «Toyota Ipsum» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі №1 қалалық ауруханасына жеткізілген.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.