$ 446.49  475.38  4.79

Ақтауда қос қабатты ғимарат өртке оранды (ВИДЕО)

Өртті сөндіруге қазіргі таңда 5 техника мен 20 адам жұмылдырылған.

Ақтау қаласында қос қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 желтоқсан сағат 14:10-да Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығына 3-шағын аудандағы 69-ғимараттың артында өрт шығып жатыр деген хабарлама келіп түсті. 2-ші шақырту расталды. Өрт сөндіріліп жатыр. Шамамен жану аймағы – 350 шаршы метр», - деді Актау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жандос Кенжебаев.

Өртті сөндіруге қазіргі таңда 5 техника мен 20 адам жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтау #өрт