2 және 4 жасар балалар үшінші қабаттан құлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы мәлімдеді.
Екі бала да облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
Оқыс оқиға туралы қоңырау Қалқаман кентінен сағат 12:48-де түскен. Жедел жәрдем бригадасы 6 минутта жетті.