Маңғыстау облысындағы Ақтау-Ақшұқыр тас жолында "ZAZ Chance" автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, "King Long" автобусымен соқтығысқан.
Оқиға Ақтау-Ақшұқыр тас жолының 14-ші шақырымында сағат 15:35 шамасында болды. Салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Аталған дерек ҚР ҚК 345- бабының 4-бөлігі бойынша Түпқараған аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Бүгін Маңғыстау облысында ауа райы күрт суытып, -12 градусқа дейін төмендеді. Салдарынан қар жауып, соңы көктайғаққа ұласты.