$ 483.23  534.74  5.12

«Көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болуы мүмкін»: Шымкентте үш адамның мәйіті табылды

Жедел бригада тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Шымкентте үш адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, үшеуі де көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шымкентте 13 қаңтарда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Спорт» шағынауданындағы пәтерлердің бірінен екі адамның – 55 жастағы әйел мен 20 жастағы жігіттің мәйітін тапты.

Шақыру орнына келген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШПФ жедел бригадасы тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Лоджияға ағынды су жылытқышы мен 4 көзді газ плитасы орнатылған.

«Лездік су жылытқыштың үстіндегі жалғастырғыш құбыр (гофр) лоджия қабырғасы арқылы көшеге шығарылады, бөлменің сыртында қаңылтыр құбырдан түтін тартқышы жасалып, 1 метр биіктікке көтеріледі. Лездік су жылытқышының мұржасында ағын жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. ҚР ІІМ бұл фактіні тексеретін болады», – делінген хабарламада.

Тағы бір қайғылы оқиға 15 қаңтарда «Самал-3» шағынауданында орын алған. Болжам бойынша, 1991 жылғы келіншек көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған.

«Қоңырау шалған жерге 01:26-да жеткен жедел топ тексеру барысында монтаждау талаптарының бұзылғанын анықтады: жуынатын бөлмесінде «Лидер» маркалы су жылытқышы және «Боринский» маркалы жылу қазандығы орнатылған. Байланыстырушы құбыр (гофр) төбе арқылы көшеге шығарылған және 5 см саңылаумен лездік су жылытқышқа қосылмаған», – деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» өкілдері.

Апаттардың себептері анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары