$ 498.34  519.72  4.85

Павлодардағы мектептердің бірінде өрт шығып, 500-ге жуық оқушы эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер келгенше, 542 адам қауіпсіз жерге шығып үлгерген, олардың 493-і балалар.

Бүгін сағат 16.35-те Павлодар қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектептің бірінші қабатындағы бөлме отқа оранды, деп хабарлайды inbusiness.kz . 

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, оқиға орнынан дереу 542 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 493 бала – екінші ауысым оқушылары.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт бірінші қабаттағы электрқалқандағы қысқа тұйықталудан шыққанын хабарлады. 

Өрт сөндірушілер жарты сағат аралығында отты толықтай ауыздықтады. Оған жеке құрамның 29 қызметкері мен 8 техникасы жұмылдырылды. 

Айта кетелік, аталмыш оқу орны өткен жылы "Заманауи мектеп" өңірлік бағдарламасы аясында жаңартудан өткен еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары