Оқиғалар 26.01.2023 сағат 14:20

Алматылық әйел ұлын өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады

Ер адамның айтуынша, оның бұрынғы әйелі соңғы айларда психикалық аурумен ауырған.
Алматылық әйел ұлын өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы тұрғыны 12 жастағы ұлын өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 1981 жылы туған әйел өзінің 12 жастағы ұлын пышақтап өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Аталған дерек Алмалы ауданының полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді.

«Сондай-ақ әйелдің бұрынғы күйеуіне ішіне жын кіріп, ұлын соның қолымен өлтіргені туралы аудио хабарлама жолдағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам бұрынғы әйелінің үйіне келіп, екеуінің денесін тапқан»,- деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның айтуынша, оның бұрынғы әйелі соңғы айларда психикалық аурумен ауырған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар