Жетісу облысында автокөлік аударылып, 57 жастағы жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 ақпанда болған.
«Таңғы уақытта Сарыөзек – Көктал автожолының 119 шақырымында жол апаты болып, Hummer H2 көлігінің 57 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
Іс жүзінде қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге тергеу амалдары басталды.