$ 448.15  483.46  4.86

Жамбыл облысында мектеп акт залының төбесі опырылып түсті (ВИДЕО)

Орын алған жағдайға байланысты білім мекемесіндегі оқу уақытша онлайн режиміне көшірілді.

Жамбыл облысында мектептің акт залының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 қаңтар күні түнгі сағат 1.00 шамасында Мойынқұм ауданындағы Мыңарал ауылында орналасқан Кенесары Қасымов атындағы орта мектептің акт залының төбесін тіреп тұрған бетон құлаған, артынша төбесі опырылған.

«480 орындық бұл мектеп 1972 жылы кірпіштен салынған. Бүгінде білім ошағында барлығы 175 оқушы білім алуда, шағын орталықта – 48 бала тәрбиеленуде. Мектепте барлығы 34 педагог жұмыс істейді. Әбүйір болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккен адамдар жоқ. Орын алған жағдайға байланысты білім мекемесіндегі оқу уақытша онлайн режиміне көшірілді», - деп жауап берді Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.

Оның сөзіне қарағанда, білім басқармасы басшысы Мойынқұм ауданының әкімі және құрылыс мамандарымен бірге аталған мектепте болып, жағдаймен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аталған мектепке объектілік ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

«Қазіргі таңда, орын алған жағдайға байланысты «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ОҚФ-мен келісім шарт жасалды. Мектептің жағдайына толық талдау жасалып, қорытындысы күтілуде. Қорытындыға сәйкес, тиісті шешімдер қабылданатын болады.

2018 жылы мектеп ғимаратының қазандығы сыртқа шығарылып, реконструкциялық жөндеу жұмыстары жүргізілген», - деді жергілікті әкімдік өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары