Биылғы 24 қазан күні химия кабинетінде төбеден сылақ құлап түскен. Абырой болғанда, оқушылар алдыңғы жақта отырғандықтан, ешкімнің үстіне құламаған. Төбе сол бойда қайта сыланғанымен, мұндай жағдайдың қайталанбасына кепілдік беру қиын екендігі белгілі.
Сибиляководағы жалғыз оқушы – Равиль Ижмұхаметов қазір 9 жаста, ол – Динар және Эльнора Ижмұхаметовтердің кенжесі. Әке-шешесі көкөніс егіп, мал асыраумен айналысады. Кенжелерін әзірге көрші ауыл мектебіне жіберуге тәуекел ете алмай отыр.
Түркістан облысындағы тозығы жеткен 12 мектептің оқушылары жаңа маусымда өзге білім ордасына баруларына тура келеді. Өйткені, ескі ғимаратта оқу мүмкін емес. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов жеткізді.