08.02.2023, 12:40

Алматы облысында сегіз көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: polisia.kz
Mercedes жеңіл көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

7 ақпан күні Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының маңында Алматы-Бішкек автожолының 82-шақырымында 8 автокөлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты орын алды. Салдарынан бір адам қаза тапты деп хабарлайды Stan.kz.

Полиция мәліметінше, апат салдарынан Mercedes жеңіл көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

“Ұзынағаш ауылының ауруханасына 1958, 1978 және 1984 жылғы үш адам жеткізілді, олардың екеуі – автобус жолаушысы. Аталған дерекке қатысты Жамбыл ауданы ПБ-да ҚР ҚК-ның 345-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді”, – деді ведомства.