$ 489.06  536.21  5.05

Қостанайда көше тазалап жүрген жұмысшыны автобус қағып кетті

Полиция мәліметінше, оқиға 9 ақпан күні қаладағы аялдамалардың бірінің жанында болған.

Қостанай қаласында коммуналдық қызмет жұмысшысын автобус қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады.

Полиция мәліметінше, оқиға 9 ақпан күні қаладағы аялдамалардың бірінің жанында болған. №38 бағыттағы қоғамдық көлік жол жиегінде жұмыс істеп жүрген 1965 жылы туған әйелді қағып кетті.

"Әйел жарақат пунктіне жеткізілді. Дәрігерлер оған амбулаториялық ем тағайындады", - деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары