$ 481.84  531.33  5.07

Көкшетауда екі адамды бауыздап кетті

Асхана пышағын алып алдымен қарияны, одан соң әйелді кеңірдектен бауыздап жіберген. Қылмысқа барған бұл адам бұрын да кісі өлтіріп сегіз жыл түрмеде отырып келген екен.
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Көкшетауда 50 жастағы азамат жатақханада екі адамды пышақтап тастаған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Күдікті кейін өзі полицияға хабар беріпті. Бөлмедегі айқай-шуды көршілері де естіген.

“Шулап жатты. Бір ақсақал тұратын Әйелді кеңірдегінен төрт рет пышақтаған дейді. Шалды білмеймін. Масқара. Ешкімге зияны жоқ”, – дейді марқұмның көршісі Найман Демесінов.

Бөлмеде 87 жастағы ақсақал жалғыз өзі тұрыпты. Қылмыс болған күні өзінен 30 жас кіші әйел мен ер адам қонаққа келген. Бірақ думанды дастархан соңы қанды қылмыспен аяқталды. Қаскөй өзімен бірге келген әйелді ақсақалдан қызғанған көрінеді. Асхана пышағын алып алдымен қарияны, одан соң әйелді кеңірдектен бауыздап жіберген. Қылмысқа барған бұл адам бұрын да кісі өлтіріп сегіз жыл түрмеде отырып келген екен.

“Ауыр қылмысын бірден мойындады. Дегенмен полиция келгенше, пышақты жасырып, сыртқа лақтырып үлгерген. Екі бірдей адамды өлтірді деген күдікпен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды”, – дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің  жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары