Қостанай қаласында коммуналдық қызмет жұмысшысын автобус қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады.
Полиция мәліметінше, оқиға 9 ақпан күні қаладағы аялдамалардың бірінің жанында болған. №38 бағыттағы қоғамдық көлік жол жиегінде жұмыс істеп жүрген 1965 жылы туған әйелді қағып кетті.
"Әйел жарақат пунктіне жеткізілді. Дәрігерлер оған амбулаториялық ем тағайындады", - деп мәлімдеді Полиция департаменті.
Жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.