11.02.2023, 18:30

Қарағандыда супермаркет әкімшісі мен кассирлері бірігіп, қомақты қаржыны иемденіп кеткен

Фото: zakon.kz/Павел Михеев
Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 189 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қарағандыда супермаркет әкімшісі мен 4 кассир 6.6 миллион теңгені иемденіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды қалалық полиция басқармасы Киров полиция бөліміне қалада орналасқан супермаркеттердің бірінің иесі арызбен шағымданған. Кәсіпкер, полиция қызметкерлеріне кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында 6 миллион 600 мың теңге ақша жетіспеушілігін айтқан.

Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен сол мекемеде жұмыс істеген, ақша жымқырды деген күдікпен 18 бен 33 жас аралығындағы жұмыскерлер анықталды. Оның ішінде супермаркет әкімшісі мен төрт кассир болған. Олардың былтырғы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айы аралығында саудадан түскен 6 миллион 600 мың теңге ақшаны қалталарына басқаны белгілі болды.

Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады.