$ 494.87  520.65  4.91

Актриса Жәнел Мақажан жүкті екенін айтты

Әбекенің үш үлкен арманы орындалды. Біріншісі – қажылыққа бару, екіншісі – менің орамалға келуім және сәби сүю.
Фото: ©instagram.com/janellemakajan
Фото: ©instagram.com/janellemakajan

Жәнел Мақажан жүкті екенін айтып, күйеуіне тосын сый жасады. Қуанышты жаңалығымен актриса өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

“Құрметті достар, сүйінші хабарымызбен бөліскіміз келіп отыр. Бір жарым жыл дұға етіп, күткен Алланың сыйы бізге нәсіп етілді, шүкір! Бізге тілекші болған әрбір жанға алғыс айтамыз! Бала сүйгісі келетін әрбір жан, шын жүректен сіздерге де жұғысты болуын тілейміз”, – деп сүйінші сұрады өнер иесі.

Актриса сәбиінің атынан хат жазып, күйеуіне тосын сый жасады. Қуанышты хабарды жеткізген Жәнел де, өзінің әке атанатынын білген Абай да көзіне жас алды.

“Әкешім, Алла анашым екеуіңіздің дұғаларыңызды қабыл етті. Мен сіздерді көруге асықпын. Сізге деген үлкен махаббатпен, сәбиіңіз”, – деп жазылған хатта. 

Актер Абай Асылхан бұл сәбиді ұзақ күткенін жасырмады.

“Біз лайықсыз болғандықтан ба немесе әлденені дұрыс жасамағандықтан болар, балалы бола алмай жүрміз деп ойлайтынбыз. Мен үздіксіз тіледім. Тағы бір үлкен арманым орындалды”, – деді актер қуанышын жасыра алмай.

“Әбекенің үш үлкен арманы орындалды. Біріншісі – қажылыққа бару, екіншісі – менің орамалға келуім және сәби сүю”, – дейді Жәнел көз жасына ерік беріп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары