09.03.2023, 12:00

Серік Сәпиев оқудан қуылып жатқан балуанға қатысты пікір білдірді

Фото: ©instagram.com/seriksapievboxing Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/sport/79611
Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен төбелесіп қалған ММА балуаны Зелімхан Мұсиханов колледжден шығарылғаны туралы ақпарат тараған еді.

Боксшы Серік Сәпиев қазақстандықтардан балуан Зелімхан Мұсихановпен болған жанжалды ұмытуды сұрады.

Бұған дейін БАҚ-та Серік Сәпиев пен Зелімхан Мұсихановтың арасындағы жанжалдан кейін "жас балуан спорт колледжінен, ал оның отбасы мүшелері жұмыстан шығарылды" деген ақпарат тарады. Кейін балуанның оқудан шығарылғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды.

Tengri Sport редакциясы Серік Сәпиевке хабарласып, жағдайға пікір білдіруді сұрады.

"Мен бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын. Оның отбасына қатысты ақпаратты да растай алмаймын. Мен кез келген қысымға қарсымын. Халқымыз бұл жағдайды ұмытса екен деймін. Оқиға аяқталды. Спорт - эмоция, кез келген бәсекелестіктің қалыпты бөлігі. Бұл жастарға тек сәттілік тілеймін", - деді боксшы.

Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелімхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.

Алайда олар кейінірек киім ауыстыратын бөлмеде тағы дауласқан. Sever-Yug командасының балуаны Зелімхан Мұсихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман болған жанжалға қатысты пікірін айтқан болатын. Бұл оқиғаға қатысты Серік Сәпиев те пікір білдірген еді. 

Сондай-ақ, бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен төбелесіп қалған ММА балуаны Зелімхан Мұсиханов колледжден шығарылғаны туралы ақпарат тарады.

massaget.kz