$ 481.84  531.33  5.07

«Көкбет әйелдер шығып жатыр»: Қайрат Әділгерей өзін мықты санайтын нәзік жандыларды мойындамайтынын айтты

Егер әйел жесір қалып, бәрін атқарып шықса - әйелдің мықтылығы.
Фото: Instagram/kairat_adilgerey
Фото: Instagram/kairat_adilgerey

Белгілі актер әрі шоумен Қайрат Әділгерей "Хабар" арнасындағы АйнаLine бағдарламасына сұхбат беріп, мықты әйелдердің көбейгеніне қатысты өз пікірін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында жүргізуші Қайраттан қазіргі заманда отбасын да, кәсіпті де дөңгелетіп отырған мықты әйелдердің көбейгеніне қатысты ойын сұраған.

"Мықты болып бара жатқан ештеңесі жоқ. Көкбет әйелдер шығып жатыр да... "Біз сондаймыз, біз ондаймыз", - деп... Былайша айтқанда, айғайлап, даусын қатты шығарып жатқан - еркегі жоқ әйелдер. Еркегі бар әйелдердің айғайлап отыратын уақыты жоқ. Өйткені ол бала-шаға, күйеу, қайын жұрт, келін, абысын, ененің жағдайын жасап отыр. Оның өмірінің миссиясы басқа. Ол сонымен бақытты.

Егер әйел жесір қалып, бәрін атқарып шықса - әйелдің мықтылығы. "Басқа түссе баспақшыл" деген бар. Талай әжелеріміз бар, жеті-сегіз баламен жесір қалып, соларды адам қылған. Міне, бұл әйелдің мықтылығы. Ал күйеуге тимей, бала тумай жатып: "Әйелдер мықтымыз" деп айғайлайтындар, пішту, бес тиын. Әйелдің ішінде де әйел бар", - деді Қайрат Әділгерей. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары