Әлеуметтік желіде бөтен ер азамат ән айтып тұрған Мәдина Сәдуақасованың бетінен сүйген видеосы тарап кетті деп хабарлайды Stan.kz.
Тойда өнер көрсетіп тұрған әншіге ер адамның бұл әрекеті ұнамай қалды. Оны бейнежазбадан байқауға болады. Мәдина түрін бұзып, жиеркенгендей көрінді. Тіпті әншінің бетін сүртіп жатқанын да байқауға болады. Желі қолданушыларының бір бөлігі қарапайымдылықтан жұрдай деп өнер иесін сынға алса, енді бірі күйеуі бар әйелдің мазасын алған ер адамның әрекетін түсінбей дал. “Атақты, бай біреу сүйсе бұлай болмас еді”, “Түріңді бұзбай-ақ қойсаң болар еді ғой”, “Тәлпәштік”, “Сол үшін тойда емес, сахнада жүру керек”, “Сыйластығын түсінбей тұрсың ғой”, “Халықтың ақшасынан бұлай жиеркенбейді”, “Мас адам кімге ұнасын”, “Ер адамның мұнысы ұят болған екен”, “ Күйеуі бар әйелде несі бар?”, – деген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.