17.03.2023, 12:40

«Күйеуіме тиесілі»: Гүлнәз Жоланова сүйіктісінің қымбат көлігімен мақтанды

Фото: © instagram.com/zholanova_gulnaz
Ол той күні өзіне осындай сыйлық жасады.

Жақында сырғалым атанған актриса Гүлнәз Жоланова әлеуметтік желіде күйеуінің су жаңа темір тұлпарын көрсетті деп хабарлайды Stan.kz.

Актриса автосервистегі көліктің өзіне емес, күйеуіне тиесілі екенін айтты.

“Бұл автокөлік менікі емес, күйеуімдікі. Ол той күні өзіне осындай сыйлық жасады. Күйеуімнің таңдауы осы үлкен көлікке түсті. Бұл енді біздің отбасылық көлік. Мен рөлге отырмаймын, бұл автокөлікте мен жолаушының орнындамын. Болашақта үлкен көлікті тізгіндеуім әбден мүмкін” , – дейді Гүлнәз.