17.03.2023, 15:20

«Кімдікі дұрыс?»: Әнші Кенжебек Жанәбілов тойда шашынан тартқан адамды итеріп жіберді (видео)

Фото: "1001 түн" бағдарламасы
Желі қолданушылары белгісіз ер адамның бұл әрекетінің дұрыс еместігін жарыса жазды.

"Музарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің шашынан тойда белгісіз адам тартқылаған. Жанәбілов бұл видеоны Instagram желісіне жариялап, көпшіліктен кімнің ісі дұрыс екенін сұраған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода ән айтып тұрған әншіге тойда жүрген азаматтардың бірі жақындап келіп, шашынан тартып көрген. Ал Кенжебек Жанәбілов ер адамды итеріп жіберді.

"Менің орнымда басқа біреу болса… Кімдікі дұрыс?", - деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Желі қолданушылары белгісіз ер адамның бұл әрекетінің дұрыс еместігін жарыса жазды.

"Әрине, сіздікі дұрыс", "Жас жігіт емес, ересек ер адамның әрекеті дұрыс емес", "Баланың тірлігін жасапты", "Шашыңыздың бұйрасын рас па, өтірік пе деп тексеріп көрген шығар", "Мынау ұят енді", "Дұрыс істедіңіз", - деп жазды желідегілер. 

Тегтер: әнші