Актер әрі "Ән мен әнші" жобасының тұрақты жүргізушісі Жанатбек Бәйтеков концерт кезінде Жанар Айжановаға "Ерке мен Райм болайық" деп ұсыныс жасады.
Бұл туралы видео әлеуметтік желілерді шулатты, – деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"15-ке келіп күлмедім, бірақ Жанатбек не айтып тұрғаныңды білмедім. Әй, қасқа, кәмелет жасқа толмаған қызға тиісіп, ашқың келіп тұр ма есігің түрменің. Ұйқасты ма?", – деп концерт кезінде Жанар Айжанова әзілдесті.
Оған актер былай деп жауап берді:
"Қасыңда мен сенің мәңгі тұрайын. Жаман адам емес едім, Құдайым! Күт десең, тағы бір жыл күте тұрайын. Біз де бола саламыз Ерке мен Райм. Болайықшы лайым", – деп әзілдеді Жанатбек Бәйтеков.