Белгілі әнші Ақбота Керімбекова “1001 түн” бағдарламасында білімсіз жас әншілердің көбейгенін айтып, қынжылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Өнердің қадірі кеткен уақыт болып тұр. Қазақтың әнін, үнін, поэзиясы мен небір мықты ақындарын қазіргі жас әншілер бағаламайды. Сол себепті мен оларды мойындамаймын, мойындағым да келмейді. Мен музыкалық мектепте оқыдым, Темірбек Жүргенов атындағы академияда білім алдым. Менің бұл салада сауатым бар. Өнерлі адамдарды танымал етіп, әнші қалатын, тойына шақыратын халық. Сол әншілерді тойына шақырған кезде маған “зейнетке шыға берем-ау” деген ой келеді. Сонда өнер академиясы мен консерватория не үшін керек? Сахнаның 70-80%-ы оқымаған, сауаты жоқ, сын көтере алмайтын әншілер”, – дейді өнер жұлдызы.
Ақбота Керімбекова үлкен ұлының да өнерге жақын екенін және ол сахнаға шығар болса қандай талап қоятынын айтты.
“Менің үлкен ұлым өнерге жақын, сахнаға шыққысы келеді. Көбіне ағылшын, орысша әндер тыңдайды. Балама: “Сен білім алу керексің. Кімнің баласы болсаң да сауатты болуға міндеттісің. Сахнаға шықсаң қазақтың әнімен шығасың” деп талап қойдым”, – деді Ақбота Керімбекова.
Бағдарлама жүргізушісінің: “Халық ұлыңыздың өнерде жүргенін, әндерін қабылдамаса қалай болмақ?” деген сауалына әнші: “Құлақтың бір арзандап кеткен жоқ деп ойлаймын. Есті әнді тыңдайтын құлақ табылар”, – деп жауап берді.