$ 490.84  536.88  5.04

Қайрат Нұртас әнші Динара Әлжанның айтқанын жоққа шығарды

Бірақ әнші әлгі әріптесінің айтқандарын үзілді-кесілді жоққа шығарды.
Фото: ekst-pesni.online
Фото: ekst-pesni.online

Осыдан біраз күн бұрын Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы, әнші Динара Әлжан Қайрат Нұртасқа қатысты біраз нәрсе айтқан. Оның казинода көп ақша ұтылғанын, қарызын қайтару үшін Б.Назарбаевтан ақша алып бергенін сөз еткен еді, деп хабарлайды NEGE.

«Уақыт көрсетеді» ютуб жобасында қонақта болған Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы былай деді: «Казиноға Кентал деген әншімен бірге бардым. Барсақ, Кайрат Нұртас отыр екен. Көңіл-күйі жоқ. Кофе ішіп отыр, казиноға ұтылып қалыпты. Содан ол менен көлігімді сұрады. «Динарка, көлігіңді бере тұршы!», - деді. Бірақ «ертеңіне орнына қойып берем, үстінен екі мың доллар қосып берем» деді. Қатты қиналды».

Динараның айтуынша, Қайрат сөзінде тұрып, көлігін ертесі күні өзіне қайтарған. «Халықтың баласы сондай жерде жүргенін өзім бірінші көргеннен кейін бе, оны аяп кеттім. Бірақ келесі күні Қайрат хабарласып, менің көлігімді қайтарды. Бірақ екі мың долларын алған жоқпын», - деді Динара. Сондай-ақ ол сұхбат барысында  казино алдында қарызға белшесінен батқан Қайратқа Болат Назарбаевтың қол ұшын созып, 400 мың доллар бергенін де ашып айтты.

Осы айтылған әңгіменің ақ-қарасын анықтау мақсатында NEGE тілшісі Қайрат Нұртастың өзіне шыққан еді. Бірақ әнші әлгі әріптесінің айтқандарын үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары