Әбдіжаппар Әлқожа "Ұйқым келмейді" жобасында қонақ болып, жаңадан шығатын әніне қатысты әйелі ренжуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Әбдіжаппар Әліқожаның репетуарында қыздарға арналған ән көп. Жақында тағы бір ән пайда болмақшы.
"Негізі, бұған дейінгі қыздарға арналып жазған әндерді басқа авторлар жазған. Мен әйеліме: "Мұның автры мен емес", - деп құтылатынмын. Енді ренжуі мүмкін. Себебі жақында "Мадина" деген ән шығарамын. Мұның авторы - өзім. Мадинаға ренжитін шығар", - деді Әбдіжаппар.
Сондай-ақ сөз арасында әнші әйелінің тым қызғаншақ еместігін айтты. "Мұның бәрінен өтіп кеттік. Жаңадан шығып жатқан кезде қызғанатын. Қазір бәрі өтті, сенім бар", - деді ол.