29.03.2023, 20:30

«Нағыз джентльмен»: Динара Әлжан Ғабидолла Әбдірахымовпен төсектес болғанын айтты (ВИДЕО)

20 мың доллардың сырғасын сыйлады. Түскі аста отырған кезде қосымша тағы миллион теңге берді. Содан оған үйсіз жүргенімді жеткіздім, бірақ Болаттың тоқалы екенімді айтқан жоқпын.

Бұл туралы Динара Әлжан Youtube-тегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Динара Әлжанның айтуынша, ол Болат Назарбаевтан кеткеннен кейін материалдық жағдайы нашарлап, үйсіз-күйсіз қалса керек. Сондай күндердің бірінде әнші Шымкентке тойға шақырту алады. Шымкенттің бұрынғы әкімімен сол кезде танысқан екен.

«Шымкентте караокеде отырған кезде Ғабидолла Рахметоллаұлы көмекшілерімен кіріп келді. Ол кезде ол кісі Шымкенттің әкімі. Сол кезде қонақүйдің ақшасын төлей алмай қиналып отырғанмын. Өйткені, мені тойға шақырғандар лақтырып кетті. Қалтамда көк тиын жоқ еді. Сол отырыста ол маған қарап сөз сөйледі. Кейін биге шақырды. Қайрат Нұртас ән айтты. Ғабидолламен осылай таныстым. Ол маған сол түні Rixos қонақ үйінен VIP нөмір алып берді», – дейді Динара Әлжан.

Әншінің айтуынша, әкім ертесі түскі асқа шақырып, 20 мың доллар тұратын бриллиант сырға тарту етіпті. Бұдан бөлек үй аласың  деп 70 мың доллар қалтасына салып берген.

«20 мың доллардың сырғасын сыйлады. Түскі аста отырған кезде қосымша тағы миллион теңге берді. Содан оған үйсіз жүргенімді жеткіздім, бірақ Болаттың тоқалы екенімді айтқан жоқпын. Содан ол Алматыдан үй аласың деп 70 мың доллар берді. Ол ақшаның жартысына бес бейнебаян түсірдім, жартысына үй сатып алдым. Ғабидолла мырзамен төсектес болдық. Бір-ақ рет жаттық. Өте жақсы кісі, нағыз джентельмен жігіт», – деді әнші.

nege.kz