30.03.2023, 11:00

Иманбек алтын платина дискін Asar-Ume қайырымдылық қорына сыйлады (ВИДЕО)

коллаж: Azattyq Ruhy
Бұл туралы Asar-Ume қоры өзінің Іnstagram әлеуметтік парақшасында жазды.

Иманбек алтын платина дискін Asar-Ume қайырымдылық қорына сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстандық жалғыз Грэмми иегері, солтүстікқазақстандық қарапайым жігіт Иманбек Зейкенов Asar Nauryz акциясына қатысып, қорымызға алтын дискін сыйға тартты», - делінген жазбада.

Қасиетті рамазан айында аталған қор еліміздің әр өңіріндегі қиын жағдайға тап болған 100 отбасын баспанамен қамту жобасын қолға алған.

«Asar-Ume қоры 100 отбасы және 500 бала жобасын іске қосады. Бұл қайырымдылық шарасына бәріңізді үлес қосуға шақырамын. Сіз бен біздің арқамызда 500 бала өз үйінде тұратын болады», - деді Иманбек.