31.03.2023, 17:00

Гүлнәз Жоланованың күйеуінің кім екені белгілі болды

Фото: ©instagram.com/zholanova_gulnaz
Ол тіпті Instagram әлеуметтік желісінде де тіркелмегенін де айтты.

Актриса Гүлнәз Жоланова әлеуметтік желіде шағын сауалнама жасап, оқырмандарды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды Stan.kz.

Қалың көпшілікті актрисаның отбасылық өмірі қызықтыратыны сөзсіз. Жеке өмірін құпия ұстағысы келетін Гүлнәз Жоланова күйеуі мен жеке өміріне қатысты сауалдарды күтпестен, сүйіктісі туралы қысқаша айтып өтті.

“Бірден жауап берейін. Тойымызды өткіздік. Күйеуім танымал адамдардың қатарынан емес және шығармашылыққа да қатысы жоқ. Тіпті Instagram әлеуметтік желісінде де тіркелмеген. Мен оны көпшілікке көрсетіп, мазалағым келмеді. Сол себепті суреттермен, видео жазбалармен бөліскен жоқпыз”, – дейді Гүлнәз. 

Соңғы кезде шоу-бизнестегі әйелдер қауымы өзінен жасы кіші жігіттерге тұрмысқа шығып жатқандықтан болар, актрисадан күйеуінің жасын сұраған оқырман да табылды.

Бұл сауалға Гүлнәз: “Уайымдамаңыз, 32-де”, – деп жауап берді.