$ 487.37  532.94  5.09

«Ерекше әлемім»: Ақерке Бүркітбай желіде жаңа туған ұлымен сурет жариялады (ФОТО)

Әр күн сайын бізге жаңа нарсе үйретіп жатыр.
Фото: instagram.com/akerkeburkitbay
Фото: instagram.com/akerkeburkitbay

Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов пен келіні Ақерке Бүркітбай жақында ұлды болды. Осыған дейін отбасылық өмірін жасырын ұстайтын Ақерке Бүркітбай желіде ұлымен түскен суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ерекше әлемім. Әр күн сайын бізге жаңа нарсе үйретіп жатыр. Ботам", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай 2020 жылдың тамызында шаңырақ көтерген болатын. Жұлдызды жұп биылғы жылдың ақпанында ұлды болды.

Ал Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева көптен күткен тұңғыш немересі Зейін қырқынан шыққаннан кейін бесік той жасап, қонақтардың басын қосты.

Естеріңізге сала кетейік, Әли Оқапов өзіне ұл сыйлаған жұбайы Ақерке Бүркітбайға су жаңа көлік тарту етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары