$ 448.56  478.03  4.79

«Махаббаттың бар екеніне сендіргенің үшін»: Алтынай Жорабаева күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады (ВИДЕО)

Менің және қыздарымның өмірінің 180 градусқа өзгеруіне себепші болған жәннатым.
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Әнші Алтынай Жорабаева қазіргі жұбайын туған күнімен ерекше құттықтап, қыздары мен өзіне деген махаббаты үшін алғыс айтты. Әнші күйеуіне арнаған ақ тілегін Instagram желісінде жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің және қыздарымның өмірінің 180 градусқа өзгеруіне себепші болған жәннатым, туған күнің құтты болсын! Сендей жанды бізге жолықтырған Аллаға мың алғыс. Махаббаттың бар екеніне сендіргенің үшін, қыздарға әкелік махаббат сездіргенің үшін, мені өмірімдегі жыртық-жамауыммен жақсы көргенің үшін қатты жақсы көремін. Сенімен кездесіп, үйленуді армандағанда "Қыздар мені қалай қабылдар екен? Сені қызғанып, ұнатпай қалса, не істеймін?" деп қатты қорыққан кезің де артта қалды. Себебі, бәрі саған байланысты екеніне тағы да көзім жетті. "Қыз бала әкеге жақын" дейді. Міне, сендей махаббатын төгетін әкеге жақын болады. Алла пейіліңе жақсылығын үйіп-төгіп берсін. Екі дүниенің абыройын, бақытын, иман байлығын, денсаулық пен дүние байлығын берсін. Ғұмырың ұзақ болып, жүзге кел! Алла екеуімізге екі дүниеде де бірге болуды нәсіп етсін", - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары