Алматыда "Бандра" атты жаңа романтикалық кинокартинаның түсірілім жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Хабар24 арнасы.
Болливудтық кино — Ajith vinayaka films компаниясының туындысы. Кино қос ғашықтың махаббат хикаясы жайында. Режиссердің айтуынша, фильмнің түсірілім жұмыстарын былтыр қыркүйек айында Үндістан елінде бастаған. Ал жалғасы Қазақстанда түсіріліп жатыр. Картинада танымал болливудтық актерлермен қатар еліміздің азаматтары да ойнайды.
Әлем бойынша премьерасы 7 шілдеде шығады. "Түсірілім жұмыстары бітуге таяп қалды. Бұл фильмнің бірінші бөлімі ғана. Екінші бөлімін де осы жақта түсіруді жоспарлап отырмыз. Қазақстан туралы көбірек білгім келеді. Әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттесем деймін. Бұл жер өте әдемі. Қонақжайлығыңыз үшін алғыс білдіремін", - деді фильмнің режиссері Арун Гопи.