Әлеуметтік желіде жақында сырға салынып, ұзатылған әнші Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуімен түскен видеосы тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Instagram әлеуметтік желісіндегі kaz.stars парақшасында жақында ғана отау құрған Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлының видеосы жарияланды. Видео жазбасында "Жарасымды ма?" деп жазылған. Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, ақ тілегін жаудырған.
"Оны құрметтеймін, сұлу. Әдемі жұп", "Өте жарасымды жұп", "Күйеуінің Кәмшатқа үйленгеніне сондай риза екені көрініп тұр. Кәмшат майқыз, бақытты болсын жұбымен", "Сызылып, әдемі келіншек болып отыр", "Жарасымды әрине, бақытты болыңдар", - деп жазуда көпшілік.
Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Кәмшат Жолдыбаеваның шай құйып жатқан видеосы тараған болатын.