Отандық әнші әрі актриса Индира Еділбаева қалыңдық атанды. Ол желіге әсерлі бейнежазба жариялады деп хабарлайды Stan.kz.
Балиде демалып жүрген әншіге сүйіктісі Камаладин тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Желіде жарияланған бейнежазбадан Индираның ұсынысты күтпегенін байқауға болады. Тіпті ол көз жасына ерік берді.
"Мен "иә" дедім. Бақытты болғаным сонша, көп жыладым. Менің арманымдағы жүзікті жасапты. Мұндай сәтте қатты қобалжиды екенсің. Сөзім жоқ, тек махаббат", – деп жазды ол.
Әншінің оқырмандары мен өнердегі әріптестері әсерлі видеоның астына жылы лебіздерін қалдырып, құттықтады. "Құттықтаймын бақытты болыңдар", "Әлемдегі ең бақытты жандардың бірі бол", "Сендер үшін қуаныштымын", "Шын жүректен құттықтаймын", "Сенімен бірге жыладым", – деп жазды желі қолданушылары.