11.04.2023, 12:00

«Дөкейлердің тойын басқармаймын»: Қанат Әлжаппаров қандай тойдан бас тартатынын айтты

Фото: Хабар арнасы
Егер той орысша өтетін болса, бас тартамын.

Танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров еліміздегі сұранысқа ие асабалардың бірі. "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақ болған ол қандай тойларға қатыспайтынын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Байлар тойына шақырмайды... (күлді). Реті келгенде айтқанбыз. Қазір енді бай-дөкей дейтіндей, бәрінің жағдайы жақсы ғой. Енді орысша басқаратын тойлар белгілі болады. "Здравствуйте, это Канат, да?", - деп бастайды. Сол кезде мен де бірден сұраймын. Егер той орысша өтетін болса, бас тартамын. Орысша жүргізе алмаймын. Ұят болып қалмау үшін, жауапкершілікті алмаймын", - деді Қанат.

Сондай-ақ Әлжаппаров өзінің той басқарғаны үшін алатын гонорарын да жасырмай жария етті.

"Нақты бір сома жоқ. Кейде жақсы басқарғаным үшін келісілген қаражаттан асырып беретіндер бар. Бір миллион, кейде бір жарым миллион. Бірақ екі-үш миллион алған кезім болмапты. Олай алуға да ұяламын", - деді әзілкеш.

Бағдарлама жүргізушісінің айтуынша, Қанат Әлжаппаров еліміздегі ең қымбат асабалардың қатарына жатады.