$ 481.84  531.33  5.07

«Украинаны ашық қолдаған»: Ресей қазақ рэпері Jah Khalib-тің концертін өткізбей тастады

Еске салайық, бұған дейін Ресей думасы Jah Khalib концертіне тыйым салуды талап етіп жатқаны белгілі болған.
Фото: jahkhalib инстаграм парақшасынан
Фото: jahkhalib инстаграм парақшасынан

Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің концертін өткізбей тастады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ИА REGNUM басылымының мәліметіне сүйенсек, бұл ақпаратпен Crocus City Hall концерттік алаңының бас директоры Роман Грачев бөліскен.

“Украинаны ашық қолдаған қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің Мәскеуде жоспарланған концерті өтпейді”, – деген ол.

Бахтияр Мамедов (Jah Khalib) — қазақстандық орыстілді рэпер. Ол өз елінде ғана емес, басқа да посткеңестік елдерде танымал.

Ол 23 сәуірде Мәскеуде, 25 сәуірде Санкт-Петербургте үлкен жеке концертін өткізуді жоспарлаған. Нәтижесінде екі қалада да концерті тоқтатылды.

Әлеуметтік желіде танымал әнші Jah Khalib-тің мешіт тазалап жүрген видеосы тарады

"Бейіт басында адамдарды жерлеумен айналыстым": Әйгілі рэпер Jah Khalib танымалдылыққа жетпей тұрғандағы өмірі жайлы сөз қозғады
Басылым әлеуметтік желілерде қолданушылар наразы болып, концерттің тоқтатылуын талап еткенін атап өтеді. Музыкант Аким Апачев Мәдениет министрлігіне сауал жолдап, Jah Khalib-тің "Украина армиясын қолдап қана қоймай, Украина Қарулы күштерін де қаржыландырғанын” айтқан.

Еске салайық, бұған дейін Ресей думасы Jah Khalib концертіне тыйым салуды талап етіп жатқаны белгілі болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары