$ 494.87  520.65  4.91

«Әйел ретінде бақыттымын»: Әсел Сәдуақасова сүйіктісін көртетті

Оның жанында өзімді сондай жайлы, жақсы сезінемін.
Іnstagram.com/asselsadvakassova Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017610-asel-saduaqasova-ozinin-suiiktisin-kopsilikke-tanystyrdy-foto/
Іnstagram.com/asselsadvakassova Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017610-asel-saduaqasova-ozinin-suiiktisin-kopsilikke-tanystyrdy-foto/

Отандық актриса Әсел Сәдуақасова көпшілікке өзінің сүйіктісін көрсетті. Ол ғашығымен түскен суреттерді өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жариялады. Бұл туралы skifnews nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Таныс болыңыздар менің сүйіктім – Мағжан. Бұл екі егіз жандардың кездесуі. Оның жанында әйел ретінде бақыттымын. Оның жанында өзімді сондай жайлы, жақсы сезінемін. Ешқандай эмоционалдық тұрақсыздық немесе қандай да бір жайсыздық жоқ. Тек қана күлкі мен рухани әңгімелер", – деп жазған актриса сүйіктісімен түскен суреттерді бөлісті.

Ол өзіңе қамқорлық танытып, махаббатқа бөлеген сүйіктісіне алғыс та айтқан.

"Қазір өте бақыттымын және осы қуаныш, махаббатымды бүкіл әлемге сыйлағым келеді", – дейді Әсел Сәдуақасова.

Сөз соңында актриса осы жазбаны оқып отырған әрбір қызға өз махаббатын жолықтыруды, сүю және сүйікті болу бақытын тілеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары