$ 481.84  531.33  5.07

«Мен-ақ кінәлі болайын»: Роза Әлқожа ұлының үйленуіне қарсы шықты

Өзіміз білетін, өсіп-өнген жерден болғанын қалаймын. Ол баламның ғана тағдыры емес, немерелерімнің, менің тағдырым деп білемін.
©instagram.com/bars_qaba
©instagram.com/bars_qaba

Белгілі әнші Роза Әлқожа енді балаларын өнерге баулымақ. Әншінің тұңғыш ұлы Бейбарыс пен қызы Ақбота анасы мен ағасының жолын қуып, өнер саласын таңдаған. Жас әншілер “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сұхбат берді  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер жолына енді қадам басса да, Бейбарыс Қаба үйленуге дайын екенін айтып қалды. Алайда анасы Роза Әлқожа ұлының ерте үйленуіне қарсы. Тіпті келінін де ұлымен бірлесіп таңдайтынын жасырмады.

“Мен қазір қыз көріп жүрмін. Қазақта “қыз көру” деген жақсы дәстүр бар екен. Мен балама жақсы қыз болса, махаббатпен үйлен деп айтамын. "Адамдар жас кезде жұбын таңдай алмайды. Сондықтан қазақтың бұрынғы дәстүрі дұрыс деп ойлаймын. Өзіміз білетін, өсіп-өнген жерден болғанын қалаймын. Ол баламның ғана тағдыры емес, немерелерімнің, менің тағдырым деп білемін”, – дейді Роза Әлқожа.

Бейбарыстың өзі қарашада болатын той туралы қауесетке де жауап берді.

“Үйленуге сәл-ақ қалдым, бірақ болмайтын болды сол. Үйленіп көремін бе деп едім, болмады”, –деді жас әнші.

Ұлының бұл шешіміне анасы қарсы болған көрінеді.

“Адам бір-ақ рет үйлену керек. Мен-ақ кінәлі болайыншы. Жұп таңдаған кезде оның ақылды, білімді , көзқарастарың бір болғанын қалайсың ғой. Сондықтан асықпа деп айтамын. Бұйырса, өнерде өзінің жолын тауып, үйленгенін қалаймын”, – дейді өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары