$ 490.84  536.88  5.04

«Басқа бөлмеге жатайын...»: Аша Матай жұбайы Арманмен арадағы түсініспеушілікті жайып салды

Мен қатты шаршадым.
Фото: видеодан скриншот/Қыздар-Ай
Фото: видеодан скриншот/Қыздар-Ай

Танымал әнші, актриса әрі тележүргізуші Аша Матай тұңғышы өмірге келгеннен кейін жұбайымен арада болған түсініспеушілік туралы айтып, жас аналарды күйеуінен бөлек жатпауға шақырды, деп хабарлайды "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мысалы, бірінші баламыз дүниеге келді ғой. Үйге шыққан соң баламен өткен үшінші түні Арман маған: "Мен қатты шаршадым. Ұйқым келіп тұр. Басқа бөлмеге жатайыншы", - деді. "Қайдағы басқа бөлме? Онда мен де кетіп қалайын. Бала өзі жата берсін. Мен де шаршадым. Менің де ұйқым келіп тұр. Бірақ бұл екеуміздің баламыз, бұл бала екеумізге керек", - дедім.

Содан кейін бәрі жақсы, бірге баланы ұйықтатып, бірге қараймыз. Қыздар, бөлек жатуға келіспеңдер", - деді Аша Матай. Айта кетелік, бұған дейін Аша Матай актрисалықтан неліктен бас тартқанын да айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары