"Ирина Кайратовна" тобының клиптеріне режиссерлік еткен Қуаныш Бейсеков пен актриса Ғазиза Тілеубай мешітте некесін қидырды. Бұл туралы режиссердің өзі әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Алланың қалауымен некемізді қидық", - деп жазды Қуаныш Бейсеков Instagram парақшасындағы stories бөлімінде актрисамен бірге түскен фотосын жариялап.
Сондай-ақ желіде жас жұбайлар неке қию рәсімінен кейін саябақта қыдырып жүрген сәтінен видео да жариялады.
Айта кетейік, режиссердің жұбайы - Ғазиза Тілеубай қалың көрерменге "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" және "Қазақ хандығы. Алтын тақ" тарихи фильмдері арқылы таныс. "Алтын тақта" ол Бұрындық ханның әйелі Қызданайдың рөлін сомдайды.