$ 443.37  474.49  4.83

«Гу Чжун Пе»: Ернар Айдардың жаңа образы тыңдармандарын таңғалдырды

Желі қолданушыларының дені әншінің жаңа образын жоғары бағалаған.
Фото: instagram.com/ernaraidar_kz
Фото: instagram.com/ernaraidar_kz

Танымал әнші Ернар Айдар мамыр айында Қазақстан бойынша гастрольдік сапарға шығатынын хабарлады. Сондай-ақ өнер иесі стилі мен шаш үлгісін өзгерткенін, тыңдармандарын жаңа әндер күтіп тұрғанын да мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаңа әндер, жаңа образ, жаңа шаш үлгісі, жаңа бағдарлама", - деп жазды Ернар Айдар Instagram-дағы парақшасында. Желі қолданушыларының дені әншінің жаңа образын жоғары бағалаған. Бірақ оның сыртқы келбетіндегі мұндай өзгерісті құптамағандар да бар. "Уау, стильді қара", "Керемет", "Өте керемет суреттер, бұл стиль саған жарасады", "Ерекше емес, бірақ сондай әдемі", "Шаш үлгісі саған жарасады", "Гу Чжун Пе", "Маған ескі шаш үлгісі ұнаған", "Бұрынғы шашың жақсы еді" , - деп жазды пікір қалдырушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары