06.05.2023, 12:30

«Мені жібер дедім»: төрт жыл бойы бала сүйе алмаған танымал әнші қиындықтан қалай шыққанын баяндады

фото: instagram/miras_kuralay_official
Маған "бала сүйе алмайсың" деген қорқынышты диагноз қойды.

Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай бірнеше жыл бойы сәби сүйе алмаған. Әнші Құралай Бекжанова өзіне қорқынышты диагноз қойылғанда, күйеуінен кету туралы ойлағанын жасырмай айтты, деп хабарлайды "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Маған "бала сүйе алмайсың" деген қорқынышты диагноз қойды. Сол дәрігерлерге таң қаламын. Бала асырап алу туралы ой болмаған. Мен оған: "Мирас, сен сондай керемет, әдемі жансың. Саған ұрпақ сүю керек. Сен мені жібер. Семейіме қайтар", - дедім.

Ол келіскен жоқ. "Сені қалай елге қайтарамын? Бала тумайды деп жіберемін бе? Сенің ата-анаңа не айтамын? Бұйырғанын көреміз", - деді.

Оның үстіне ата-енеммен бірге тұрдық. Сол кезде енем маған: "Ойбу, сендер әлі жассыңдар. Уайымдамаңдар. Әлі 5-10 бала туып тастайсыңдар", - деген. Енемнің қолдауы жақсы болды.