12.05.2023, 05:30

«Бәрі қарапайым өтті»: Раим мен Ерке Есмахан заңды түрде некесін қиды (ВИДЕО)

Неке қиюға ешкімді шақырмадық.

Жұлдызды жұп Райым Бақтыгереев пен Ерке Есмахан заңды түрде неке қиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ерлі-зайыпты Рамазан айында, сәуірдің 4-і күні заңды некелерін қидырған. 

“Заңды некеміз қалай болғанын көрсетейін. Ораза айында заңды некеге отырайық деп келе жатырмыз. Бүгін сәуірдің 4-і, сағат үш жарым. Түркісіб АХАТ бөлімінде некеге тұрамыз деп ойламаппын. Ешкімді шақырмадық. 20 минутта бәрі қарапайым өтті. Алла берекесін берсін. Құттықтау, тілектеріңізді қабылдаймыз. Неге бәрі тіпті қарапайым болды демеңіздер, біз үшін ең бастысы отбасымыздың бақыты”, – дейді Ерке Есмахан.