Танымал әнші Бейбіт Қорған “Ұйқым келмейді” бағдарламасында өзі туралы қаңқу сөздерге нүкте қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бағдарлама жүргізушісі Нұрсұлтан Құрманның: “Әйелім төркінінен келмесе, екінші әйел алам дегеніңіз рас па?” деген сауалына өнер иесі: “Әйеліме ренжіген соң осылай айтқанмын. Жасыратыны жоқ. Қайда, бір әйелді асырап, бағудың өзі ер азаматтың үлкен міндеті. Мұндай әңгіме болған жоқ. Реніш қой ол. Бірақ төркінінен келмесе, далада қалмайсың ғой”, – деп жауап берді.
Эстрада жұлдызы қызын тоқалдыққа беруге қарсы емес екенін айтты.
“Ауыздан шығып кеткен әңгіме бар. Діннің шариғатында бар нәрсе ғой. Тоқалдық деген қорлық деп қарайды ғой көбісі. Бірақ ондай нәрсе емес қой. Қызымның өзі ғашық болып, қалап тұрса, ештеңе істей алмайсыз ғой. Менің өз сөзім иә", – деді Бейбіт Қорған.