12.05.2023, 16:00

«Екеуіміздің де басымыз бос»: Дәурен Айдарқұлов тағы бір актрисамен көңіл жарастыруға ниетті екенін ашық айтты

Фото: instagram.com/daurenaidarkulov/serkebayeva_resmi
Біз бәйбішені де, тоқалды да, әр әйелдің құқықғы бірдей екенін, яғни дәстүрді де, шариғаттың заңдылықтарын де ескеруіміз қажет.

Актерлікті қойып, менторлыққа бет бұрған Дәурен Айдарқұлов “Revue news” бағдарламасында актриса Салтанат Серкебаевамен болған арадағы әңгіме жайлы тарқатып айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дәурен Айдарқұлов пен Салтанат Серкебаева отандық кинода ерлі-зайыптылардың рөлін сомдап, бірге бой көрсетті. Мұны көрген көрермен өнер адамдарының арасындағы әріптестік махаббатқа ұласады деп топшылаған.

“Біз Салтанат екеуіміз киноны сөйлестік. Салтанаттың басы бос, мен де бойдақпын. Жалпы кинода махаббатты ойнаған кезде екі адам арасында химия болады. Екеуіміздің арамызда химия, сезім болды деп айта аламын. Бірақ бұл сезімнің өрбуіне жол бермейміз деп шештік. Арадағы сезім кинода өзінің пайдасын тигізді. Себебі екеуіміз бұл сезімді бастан өткерсек, көрерменге де жеткізе аламыз. Бірақ түсірілім қалай бітеді, солай бір-бірімізден қаштық. Арада саналы түрде келісім болды. Мен Сауд Арабиясына кеттім”, – дейді Дәурен Айдарқұлов.

Сондай-ақ ол қазіргі кезде де екінші, үшінші әйел алып жақсы өмір сүруге болады деп ойлайды. 

“Бізде ер адамдар екінші, үшінші әйел алған кезде “тоқал” алдым деп айтады. Бірақ шариғатымызда қандай әйел болмасын, бәрінің құқықтары бірдей. Ер адам да бәріне бірдей қарау керек. Сонымен қатар еліміздің дәстүрі де бар. Бізде “бәйбіше”, “тоқал” деген бар. Бәйбіше басқаларға қарағанда жоғары тұрады. Біз бәйбішені де, тоқалды да, әр әйелдің құқықғы бірдей екенін, яғни дәстүрді де, шариғаттың заңдылықтарын де ескеруіміз қажет. Соларды ескергенде ғана екінші, үшінші әйелмен бақытты өмір сүруге болады”, – деген пікірде актер.