$ 498.34  519.72  4.85

«Әкеңнің аруағын сыйла»: Мақпал Жүнісова өміріне қауіп төніп тұрғанына айтып, көптен көмек сұрады

Менің өміріме, қызыма қауіп төнген сияқты. Алла сақтасын, достарым дұғада болыңыздар!
Фото: caravan.kz
Фото: caravan.kz

Ол елге өзі мен қызының өміріне қауіп төніп тұрғанын ашық айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz

Әнші өзінің желідегі парақшасында Құралай Нұрқаділованың қоқан-лоққы көрсеткенін ашып айтқан.

Ондағы бейнежазбада Құралай Нұрқаділованың үндемейтінін, енді бәрін ашық айтатынын анық көруге болады. «Ұяты жоқ әйел, үндемеуге тырысасың, бірақ айтуға тура келіп тұр. Сұхбат беріпті, анам қанша жыл үндемей келді. Енді үндемейміз. Ол кісі жай ғана айтпаған, өте әдепсіз айтқан. Ол менің мінезімді біледі ғой, шындығында мен қатты ашулануым мүмкін», - дейді ол.

Ал Жүнісованың өзі аталған видеоға қатысты мынадай жазба қалдырған.

«Мені қорқытпаңдар, сенің маған пышақ салғаныңды білетіндер тірі, сол кезде марқұм әкең құтқарып қалған сені, енді әкеңнің аруағын сыйла. Менің өміріме, қызыма қауіп төнген сияқты. Алла сақтасын, достарым дұғада болыңыздар», - деп жазған ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары