$ 494.87  520.65  4.91

«Орамал тағу жоқ»: Альбина Шардарова отбасылық құпиясын бөлісті

Басында қиыншылықтар болды. Түнімен күтіп отырасың.
Фото: instagram.com/albina.shardarova
Фото: instagram.com/albina.shardarova

Отандық әнші Альбина Шардарова мен актер Бауыржан Сатов 2018 жылы шаңырақ көтерген болатын. Бүгінгі таңда екі қыздың анасы атанып үлгерген Альбина Шардарова "Төртеу түгел" бағдарламасында отбасылық өмірі жайлы айтып, жан сырын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ешқандай қиыншылыққа тап болған жоқпын. Анамыз (енесі - ред.) өзі біраз қиыншылық көрген адам. Сол үшін бізді қиналмасын деп ойлайтын шығар. Өз қызындай еркелетеді. Альбинош деп атайды. Үйде халат киіп, орамал тағу жоқ. Тек үйге туыстар келетін кезде орамалымды тағып, ұзын көйлегімді киіп, тамағымды дайындап, күліп қарсы аламын", - деді Альбина Шардарова.

Сонымен қатар бағдарлама барысында Альбина Шардарова күйеуі екеуінің арасына іріткі салғысы келген адамдардың болғанын да ашып айтты.

"Ер азығы түзде" дейді ғой. Кейде таныс қыздармен сөйлесіп тұрғанын көргендер суретке түсіріп жіберетін. "Сіздің күйеуіңіз мынандай қызбен тұр. Сөйлесіп отыр" дейтін. Адамдар қазір іріткі салуға бейім ғой. Соны көргенде "Бұл кім? Не істеп отырсың?" деп жылап отыратынмын.

Басында қиыншылықтар болды. Түнімен күтіп отырасың. "Қашан келесің?" деп хабарласасың", - деді жан сырын ақтарған Альбина Шардарова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары