$ 494.87  520.65  4.91

«Емделдік»: Жазира Байырбекова 23 жылдан кейін қалай ана атанғанын айтты

Ал енді күйеуінің туыстары кіналайтын келіншектер бар. Оларға енді Алла төзім берсін.
Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы
Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Отандық жұлдызды жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров араға 23 жыл салып, екінші мәрте ата-ана атанған болатын. Әнші Жазира Байырбекова "Қыздар-ай" бағдарламасында қызы дүние есігін ашқанша жұбайы екеуінің көп ізденіп, емделгенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында әнші қызы Дара дүниеге келгенше, ұзақ ізденіп, емделгенін жасырмады. "Дара өмірге келгенше, көп іздендік, емделдік. Бұл жерде менің ғана емес, Жанболаттың да денсаулығы қиындау болды. Сондықтан маған ешқандай қысым болмады. Өйткені, ол барлығына мәлім болды. Жанболат өзі де жасырған жоқ. Ал енді күйеуінің туыстары кіналайтын келіншектер бар. Оларға енді Алла төзім берсін. Біреуге ешнәрсе айта алмаймын. Біреуге сын айту үшін, сол адамның орнында болып көру керек. Ата-енесі де немере сүйгісі келетін шығар. Енді қиын жағдай. Бірақ, адамдықтан аттамау керек деп ойлаймын", - деді Жазира Байырбекова.

Сонымен қатар өнер иесі қызы туылғалы күйеуі Жанболат Ербатыровтың мінезінің өзгергенін де атап өтті.

"Дара өмірге келгелі Жанболаттың мінезі жұмсарды. Бұрын "Менің айтқаным болады. Менсіз ештеңе шешпеңдер" дейтін. Қазір мінезі әлдеқайда жұмсарды. Қазыбек аз сөйлейді. Дараны үндемей құшақтап, сүйеді. Дара оны сыйлап тұрады. Арасы 23 жас болғасын, Дараға Қазыбекті көке деп атауды үйреттім. Дараның жанында жиі болғандықтан, Қазыбектің балаға деген мейірімі оянып, үйленуді енді ойланып жүрген сияқты. ", - деді Жазира Байырбекова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары