Отандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде өзі жайлы жалған ақпарат таратқандарға үндеу жолдады. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында жариялады, деп жазады nur.kz.
Әншінің айтуынша, желіде Раимның Ерке Есмаханды тастап кеткені жайлы жалған ақпарат тараған. Ал әнші өз отбасына деген теріс ниетті жандарға жазба арнап, жалған ақпаратқа нүкте қойды.
"Біреудің бақытын емес, қайғысын күтіп отыратын заман, қоғам болды ғой. Жұмысымен Америкаға барып келгенге, (Раимның - ред.) "тастап кетті" деп жар салып, жаңалық жасап... Ұятсыздар! "Осы қашан тастап кетті, ажырасып кетті деп айтады" деп армандап жүрген қара ниетті адамдарға айтарым: сіздерді Аллаға тапсырдық! Әр қисық сөз, арам ой жазғаныңыз үшін өзіңіз жауап бересіз. Жолдасым екеуімізге Алла сабыр және мол бақыт берсін", - деп жазды Ерке Есмахан.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет тарап, кейінірек Раим Бақтыгереев бұл ақпаратты растаған болатын. Осыдан кейін бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды. Кейінірек Раим Бақтыгерев өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады. Ал Ерке Есмахан оқырманының сауалына жауап беріп, мәһрге не сұрағанын айтып берді.