$ 498.34  519.72  4.85

Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған анасын көпшілікке көрсетті

Суретте Мақпал Жүнісованың келіні, Райымбек есімді жас жігіт пен Мерей тұр.
фото: Instagram / makpal.zhunisova
фото: Instagram / makpal.zhunisova

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасына келінінің суретін жариялап, туған күнімен құттықтады. Көпшілік оны Мерейдің туған анасы деп топшылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Гүлбақыт, туған күніңмен. Кеше ғана келін боп түскен едің. Жасың құтты болсын! Немере сүйіп жатырсыңдар. Бағдат екеуіңе енді шөбере сүю бақыты бұйырсын. Аналарымыз аман болсын. Сыйлығыңды жібердім”, – деп жазды өнер иесі.

Суретте Мақпал Жүнісованың келіні, Райымбек есімді жас жігіт пен Мерей тұр.

Желі қолданушылары әншінің асырап алған қызы Мерейді суреттегі келіншек пен жас жігітке ұқсатып, туған анасы мен інісі деп топшылады.

“Мерей мен мына бала ұқсайды екен”, “Мерей мамасына ұқсайды”, “Келініңіз әдемі екен”, – деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары